Гаага халықаралық соты Украинадағы қақтығыс туралы шешім шығарды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
https://twitter.com/CIJ_ICJ https://twitter.com/CIJ_ICJ

БҰҰ-ның Гаага халықаралық соты Украинаның Ресейге қатысты талап-арызы бойынша шешім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

БҰҰ-ның Гаага халықаралық соты Украинаның Ресейге қатысты талап-арызы бойынша шешім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

Төраға болған судья Джон Донахью сот Ресей Федерациясының Украинаға қарсы күш қолдануына алаңдайтынын, бұл халықаралық құқыққа байланысты мәселелерді туындататынын айтты.

"Сот мынаны талап етті: Ресей Федерациясы 2022 жылғы 24 ақпанда Украина аумағында басталған әскери әрекеттерді дереу тоқтатуы қажет. Ресей Федерациясы кез келген әскери немесе қарулы топ, сондай-ақ, оның бақылауындағы ұйымдар мен тұлғалар Украинада әскери операциялар жүргізуге байланысты ешқандай шара қолданбауы керек, - делінген сот хабарламасында.

Ресей халықаралық сотта "талап-арыздың айқын абсурд болуына байланысты" тыңдауларды өткізіп жібергенін айтты, кейінірек Ресей тарапы сот ешқандай шара қолданбауы керек деген жазбаша құжат берді.

Украина президенті Владимир Зеленский өз кезегінде сот шешімін Ресейге қарсы істе "Украинаның жеңісі" деп атады.

Алайда бұл шешім - соттың алдын ала шешімі. Шешім кейінгі қаулы бойынша талқылаудан кейін шығарылады, ол бірнеше жылға созылуы мүмкін.

Халықаралық қылмыстық соттың (ХҚК) прокуроры Кәрім Хан Ресейдің құзыретті органдарының өкілдерімен кездесуге және Украинадағы жағдайды талқылауға ресми сұраныс жіберілгенін айтты.

Айта кетейік, Украина ХҚК құрамына кірмейді, бірақ бұған дейін ол 2013 жылы 21 қарашадан бастап елде жасалған қылмыстарға қатысты соттың юрисдикциясын мойындап, екі өтініш берген еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro