Гаагадағы Халықаралық сот Украинадағы жағдай бойынша тергеуді бастады

©REUTERS ©REUTERS

Гаагадағы Халықаралық қылмыстық сот Украинадағы әскери қылмысқа байланысты тергеу жұмыстарын бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ХҚС сайтына сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Гаагадағы Халықаралық қылмыстық сот Украинадағы әскери қылмысқа байланысты тергеу жұмыстарын бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ХҚС сайтына сілтеме жасап. 

Прокурор кеңсесінің басшысы Карим Ханның сөзінше, бүгінде оның Украинадағы оқиғаларға қатысты қылмыстарды толық көлемде тергеуді бастауға барлық ресми негізі бар және дәлелдемелер жинау жұмыстары басталды.

"Мен Хак Президиумына жағдайды дереу белсенді тергеуді бастау туралы шешімім туралы хабарладым. Біздің дәлелдемелер жинау бойынша жұмысымыз басталды", - делінген прокурордың мәлімдемесінде.

Карим Хан 28 ақпанда Украинадағы жағдайды алдын ала тергеуден туындайтын және ХҚС құзыретіне жататын кез келген қылмысты қамтитын оның әкімшілігінің алдыңғы тұжырымдары негізінде тергеуді бастауға санкция сұрау туралы шешім қабылдаған болатын.

"Сол мәлімдемемде егер Рим статутына қатысушы кез келген мемлекет басқармаға статуттың 14-бабында көрсетілгендей тиісті түсінік берсе, тергеулер едәуір тез өтетінін айттым", - деді Хан.

Прокурор осыдан кейін олар ХҚС-ке қатысушы мемлекеттерден Украинадағы жағдай туралы ұсыныстар алғанын айтты. Ол өз міндеттерін орындауға кірісіп, өзара толықтыру қағидатын сақтай отырып, объективті және тәуелсіз тергеу жүргізуді қамтамасыз етіп, жанжалдың барлық мүдделі тарабымен өзара іс-қимыл жасауға ұмтылатынын атап өтті.

Айта кетейік, Украина ХҚС құрамына кірмейді, бірақ бұған дейін ол 2013 жылдың 21 қарашасынан бастап елде жасалған ықтимал қылмыстарға қатысты соттың құзіретін мойындап, екі өтініш берген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro