Гагариннің портреті ең биік Бурдж-Халифа ғимаратында пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Гагариннің портреті ең биік Бурдж-Халифа ғимаратында пайда болды © Коллаж RuBaltic.Ru

Дубайда Юрий Гагариннің ғарышқа ұшқанына 60 жыл болуына орай іс-шара өтті. Кеңес дәуіріндегі ғарышкердің портреті Бурдж-Халифа ғимаратының қасбетінде 3 минут көрсетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Звезда" телеарнасына сілтеме жасап.

Көрсетілімнің ұзақтығы шамамен үш минут болды. "СССР" жазуы бар скафандр киген Гагариннің суретінен бөлек, ғимаратта әртүрлі тілде қандай күн екені жазылған мәтін пайда болды.

Бурдж-Халифаның биіктігі - 828 метр. Ғимараттың 163 қабаты бар. Бұл әлемдегі ең биік және көп қабатты ғимарат.

1961 жылы 12 сәуірде кеңес ғарышкері Юрий Гагарин адамзат тарихында алғаш рет "Восток-1" ғарыш кемесімен ғарышқа ұшты. Бір сағат 48 минутта ол жер шарын айналып өтіп, Ресейдің Саратов облысындағы Смеловка ауылы маңына қонған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети