07 қазан 2016 | 09:27

Гаитиде "Мэтью" дауылынан 280 адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS/Andres Martinez © REUTERS/Andres Martinez

Гаитидің Оңтүстік департаментінде "Мэтью" дауылынан 280 адам қаза тапты, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті БАҚ-тарға сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Гаитидің Оңтүстік департаментінде "Мэтью" дауылынан 280 адам қаза тапты, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті БАҚ-тарға сілтеме жасап. 

БАҚ-тардың мәліметінше, Шанталь коммунасында 90 адам, Лез-Англеде 85 адам қаза тапқан. 35 мыңға жуық адам баспанасыз қалды. Құтқару және іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.  

Кариб аралы мемлекеттерінің ішінде Оңтүстік департамент табиғи апаттан ең көп зардап шеккен аумақ саналып отыр. Мұнымен қатар, апаттың салдарынан елдің оңтүстік-батысындағы Жереми қаласында құрылыстардың 80 пайызы жойылған. Ал Гранд-Анс департаментінде жергілікті билік қаланың түгелдей жойылғанын хабарлап отыр.

"Мэтью" дауылы Атлантикада 2007 жылдан бергі ең қауіпті дауыл болды. Жергілікті уақыт бойынша 6 қазанда дауыл Флоридаға, кейін Джорджияға, Солтүстік және Оңтүстік Каролинаға жететіні айтылады. АҚШ президенті бұл штаттарда төтенше жағдай режимін жариялады. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети