Ғаламтор мемдері мен оттың таралуы бірдей

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ғаламтор мемдері мен оттың таралуы бірдей ©Vk.com

Ирландия ғалымдары ғаламтордағы мемдердің не себепті жылдам таралатынын түсіндірді деп хабарлайды Tengrinews.kz "РИА Новости" ақпараты бойынша. Зерттеулердің қорытындысына қарағанда, мемдердің жылдам таралып кетуін індет пен көшкіннің немесе өрттің жайылуы сияқты математикалық заңдылықтармен түсіндіруге болады. Мем (meme) - мәдениет ақпаратының бірлігі. Ол кез келген идея, символ, қимыл-әрекет немесе тағы басқа бірнәрсе болуы мүмкін. Терминді ең алғаш биолог Ричард Докинз қолданды. Мемдер гендер тәрізді тарала алады, дами алады, өзара бәсекеге түсе алады. Мемдердің жылдам таралу қасиетін Лимерикс университетінің ғалымы Джеймс Глисон өз әріптестерімен бірге зерттеген. Зерттеу нысанасына Twitter-дегі мемдердің таралу моделі алынған. Тәжірибе барысында тұтынушылардың назарына бір мем ұсынылып, сол нысанның желідегі тағдыры мұқият бақыланды. О баста шағын топқа ғана қызықты болатын екі түрлі мем қолданылған, кейін олар бүкіл ғаламторға тарала бастайды. Ал кейін екі мемнің біреуі кездейсоқ өзгертілсе, екіншісі сұранысқа ие болмай қалған. Ғалымдардың айтуынша, әлеуметтік желілерде бірдей мемдер көп болған кезде тұтынушылардың назарына ілігу үшін олар өзара "бәсекеге түседі" екен. Сәл ғана өзгеріске ұшыраған мем жаңа қырынан танылып, өзгелердің қызығушылығын оята түседі. Бұл жағынан олар өзін-өзі құрушы үлкен жүйенің бір элементі сияқты. Кішкентай тастың көшкінге себеп болатыны тәрізді мұндай жүйеде сәл ғана әсердің өзі оқиғалардың легіне ұласуы мүмкін. "Ормандағы өрт, Күннің жарқылы, індеттің таралуы сияқты құбылыстарды да осы модельмен түсіндіруге болады", - дейді ғалымдар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети