Ауа арқылы тарайтын қауіпті індетті тек вакцинация тоқтата алады. Ол үшін халық арасында кеңінен вакцинация жүргізу қажет. Бұл туралы Ресейдің бас эпидемиологы Николай Брико "Парламентская газета" басылымына берген сұхбатында айтты.
Ауа арқылы тарайтын қауіпті індетті тек вакцинация тоқтата алады. Ол үшін халық арасында кеңінен вакцинация жүргізу қажет. Бұл туралы Ресейдің бас эпидемиологы Николай Брико "Парламентская газета" басылымына берген сұхбатында айтты.
Оның айтуынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы халықтың 95 пайызын COVID-19 вирусына қарсы вакцинациямен қамтуды көздейді.
"Бұл - қоғамның инфекцияға қарсы иммунитетін қамтамасыз ететін сан. Вирус таралмайды. Себебі ол адамдардың ішінде өзіне қолайлы ортаны таба алмайды", - дейді Ресей ғылым академиясының академигі.
Сондай-ақ, эпидемиолог халықты коронавирусқа тест арқылы тексеріп, бірінші кезекте кімге вакцинация жасалатынын айтты.
"Вакцинаны жасау бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Вакцинация жасалуы қажет адам тобы анықталып жатыр. Бұл - індетті жұқтыру қаупі жоғары адамдар. Олар - медицина қызметкерлері, созылмалы аурулары бар науқастар, қарт адамдар", - дейді Николай Брико.
Н.Ф.Гамалеи атындағы ұлттық эпидемиология және микробиология ғылыми зерттеу орталығының директоры Александр Гинцбург Ресейде коронавирусқа қарсы жаппай вакцинация жүргізу күзде басталып, 9 айға созылуы мүмкін екенін айтты.
"Жаппай вакцинация жүргізу күздің басында басталады деп үміттеніп отырмыз. Алайда бәрі бұл вакцинаны ала алмайды. Жұмыстар жарты жылға дейін: 7-9 ай уақытты алуы мүмкін. Бұл ең жақсы вариант болып саналады", - дейді маман.
Америкалық Джонса Хопкинс университетінің мәліметінше, 25 мамырда Ресейде 353 427 адам коронавирус жұқтырды. 118 798 науқас айықты, 3 633 адам аурудан көз жұмды.
Айта кетейік, әлемде COVID-19 вирус жұқтырғандардың саны 5 449 135-ке жетті. 2 188 200 науқас айықты, 345 721 адам қайтыс болды.