Ғалымдар COVID-19-дың ұзаққа созылатын салдарын атады

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ғалымдар COVID-19-дың ұзаққа созылатын салдарын атады Фото:elements.envato.com

Ғалымдар есте сақтау қабілетінің жоғалуы коронавирус инфекциясының ұзақ мерзімді салдары болуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ғалымдар есте сақтау қабілетінің жоғалуы коронавирус инфекциясының ұзақ мерзімді салдары болуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Мамандар Нью-Йорктегі Синай тауы денсаулық сақтау жүйесінің клиникалар желісі 740 пациентін тексерді. Экспериментке қатысушылардан деменция белгілері анықталған.

JAMA Network Open журналында жарияланған зерттеулерге сәйкес, COVID-19-дан айыққан адамдардың 24 пайызында есте сақтау процесіне байланысты мәселе туындаған. Тағы 23 пайызы басындағы ақпаратты есіне түсіре алмаған.

Ауруханаға жатқызылған науқастар жеңіл инфекциямен ауыратындарға қарағанда зейін мен өнімділік, психикалық күйзеліске байланысты тапсырмаларды орындау жылдамдығында қиындықтарға тап болған. Сонымен қатар, олар үшін белгілі бір критерийлер бойынша сөздерді ойлап табу қиынырақ болған. Мақалада тәжірибе барысында олардан "С әрпі бар сөздерді атауды немесе кез келген жануарларды ретімен жазуды сұрғанын айтқан. 

Сарапшылардың пікірінше, вакцинация коронавирустан қорғанудың ең сенімді жолы болып қала береді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети