Оңтүстік Орал мемлекеттік университетінің ғалымдары жабық кеңістікте респираторлық вирустардың таралуына гидродинамикалық зерттеу жүргізді. Олардың айтуынша, жаңа деректер сыныптар мен жұмыс орындарында COVID-19 бен басқа вирустық инфекциялардың таралуын болдырмауға көмектеседі. Зерттеу нәтижелері Journal of Hazardous Materials журналында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Тыныс жолдарының вирустық инфекциясы адамнан адамға тікелей немесе жанама байланыс кезінде ауа тамшылары арқылы беріледі. Ауа айналымына байланысты шектеулі кеңістікте арақашықтықты сақтау, әрқашан вирустардан қорғай алмайды. Сондықтан қалқалардың дұрыс орналасуы жабық кеңістікте респираторлық вирустардың таралуын төмендетудің тиімді әдістерінің бірі саналады.
Университет ғалымы ауадағы тамшылардың қозғалысын талдау және бөлмеде адамдарды қорғау үшін қалқалардың тиімді орналасуын анықтау үшін Fluid Dynamic Computational зерттеуін жүргізді.
"Қолданылатын CFD әдісі әр түрлі физикалық және химиялық процестерді имитациялау үшін компьютерлік бағдарламалар мен кодтардың комбинациясын қамтиды. Бұл әдіс ғылымның барлық дерлік саласында, сондай-ақ CFD-дің өзінде, дыбыстан жоғары авиациядан биоэнергияға дейін қолданылады", - деді Политехникалық институтының "Гидравлика және гидропневматикалық жүйелер" кафедрасының аға ғылыми қызметкері Афрасяб Хан.
Ғалымның айтуынша, есептік сұйықтық динамикасы әдісімен алынған мәліметтерді қолдана отырып, компаниялар қолайсыз эпидемиологиялық жағдайлар кезінде жұмыстың әдеттегі ырғағын сақтап, карантиндік шаралардан бас тарта алады.
"Бұл зерттеу теориялық және практикалық тұрғыдан әртүрлі жағдайды егжей-тегжейлі зерттеуге негіз береді. Біз ұлттық және халықаралық деңгейдегі ынтымақтастықты жоспарлап отырмыз", - деді ғалым.
Болашақта гидродинамикалық зерттеулерге сүйене отырып, ғалымдар кеңселерге, вокзалдарға, әуежайларға, теңіз порттары мен өндірістік фабрикаларға әдеттегідей жұмыс істеуге мүмкіндік беретін стандартты нұсқауларды әзірлейді.
Еске салайық, бұған дейін коронавирусты 70 пайызға "өлтіретін" препарат табылғаны хабарланған болатын. Халықаралық ғалымдар тобы "Фенофибрат" препараты мен оның фенофибрин қышқылының белсенді түрі адам жасушаларындағы коронавирусты жоя алатынын анықтады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!