Ғалымдар омикрон штамының теріде көрінетін белгілерін атады

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ғалымдар омикрон штамының теріде көрінетін белгілерін атады Фото:elements.envato.com

АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары омикрон штамын жұқтырған адамдардың терісінде белгілерді байқай бастағанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DMER агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары омикрон штамын жұқтырған адамдардың терісінде белгілерді байқай бастағанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DMER агенттігіне сілтеме жасап.

Омикрон штамының белгілеріне ғалымдар теріде пайда болатын бөртпе мен құрғақтықты жатқызды. Сонымен қатар, сарапшылар осы штамды жұқтырған науқастардың терісі бозғылт, сұр немесе көк болғанына назар аударды.

CDC бұл белгінің ескерту екенін атап өтті, сондықтан теріде осындай белгілер байқаған адам дереу медициналық көмекке жүгінуі керек деп ескертті. Сондай-ақ, агенттік тершеңдікке немесе тершеңдіктен пайда болатын белгілерге назар аударуды ұсынды. Көбінесе ол шынтақ, тізе және қол мен аяқтың артқы жағында кездеседі.

Сарапшылар сондай-ақ еріннің құрғауына, қабыршақтануына, олардағы ауырсынуға және күн сәулесінің ең көп әсер ететін мойын мен кеуде алдындағы құрғақ теріге назар аударуға шақырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети