31 қаңтар 2022 15:01

Ғалымдар омикронның жаңа түрінің қаупі туралы ескертті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Ғалымдар BA.2 омикрон штамының кіші түрі екенін, ол осыған дейінгі штамдарға қарағанда тез таралатынын ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.


Ғалымдар BA.2 омикрон штамының кіші түрі екенін, ол осыған дейінгі штамдарға қарағанда тез таралатынын ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

SARS-CoV-2 вирусының өте жұқпалы омикрон нұсқасы, оның ең көп таралған түрі BA.1 ретінде белгілі.

Ғалымдар қазір Еуропа мен Азия бөліктерінде BA.1-ден асып түсетін BA.2 деп аталатын омикрон штамынан туындаған жағдайлардың өсуін бақылап жатыр. 25 қаңтардағы жағдай бойынша GISAID жалпыға ортақ вирусты бақылау деректер базасына ұсынылған мәліметіне сәйкес, дүние жүзінде BA.1 жаңа жағдайлардың 98,8 пайызын құрады. Дегенмен, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметтері бойынша, бірнеше елдер BA.2 субвариантымен ауыратын жағдайлардың өскені туралы хабарлады.

BA.1 және BA.2-ге қосымша, ДДСҰ басқа екі омикрон қосалқы нұсқаларын тізімдейді: BA.1.1.529 және BA.3. Олардың барлығы генетикалық тұрғыдан тығыз байланысты, бірақ олардың әрқайсысына тән мутациялар бар.

SARS-CoV-2 эволюциясын бақылаған Фред Хатчинсон онкологиялық зерттеу орталығының вирусологы Тревор Бедфорд деректерге сүйене отырып, BA.2 Данияда 82 пайыз, Ұлыбританияда 9 пайыз және АҚШ-та 8 пайызды құрайтынын айтты. 

Алдын ала мәлімет бойынша, Данияның денсаулық сақтау қызметкерлері BA.2 BA.1-ге қарағанда 1,5 есе жұқпалы болуы мүмкін деп есептейді, бірақ ол аса ауыр ауруды тудырмайды.

Дәрігерлер Ұлыбританияда 27 желтоқсан мен 11 қаңтар аралығында жүргізген зерттеу бойынша, BA.2 вирусын жұқтырған науқастардың 13,4 пайызында отбасы мүшелеріне жұқтырғанын анықтады. Бұл көрсеткіш омикрон штамының негізгі түрі бойынша таралу деректерінен 3,1 пайызға артық.

Чикагодағы Солтүстік-Батыс университетінің Фейнберг медициналық мектебінің жұқпалы аурулар жөніндегі маманы доктор Эгон Озер BA.1 толқынын жұқтырған адамдар BA.2-ден қорғана ма деген маңызды сұраққа жауап берді.

"Егер BA.1 инфекциясы BA.2-ден қорғамаса, бұл ауыр толқынға айналуы мүмкін", - деді Озер.

Оның айтуынша, вакцина адамдарды өлуден сақтайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети