Ганада футбол федерациясындағы сыбайлас жемқорлықты әшкерелеген журналист өлтірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ганада футбол федерациясындағы сыбайлас жемқорлықты әшкерелеген журналист өлтірілді Ахмед Хуссейн-Суале

Ганада футбол ассоциацияндағы сыбайлас жемқорлықты тексеру жүргізген журналист Ахмед Хуссейн-Суале өлтірілді, - деп хабарлайды REUTERS.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ганада футбол ассоциацияндағы сыбайлас жемқорлықты тексеру жүргізген журналист Ахмед Хуссейн-Суале өлтірілді, - деп хабарлайды REUTERS.

Ахмед Хуссейн-Суале жасырын жұмыс істеген. Оның тергеу нәтижесі жергілікті футболдағы сыбайлас жемқорлықты әшкерледі. Соның нәтижесінде елдегі футбол федерациясының басшысы отставкаға кетті және таратылды. 

Журналисті ел астанасы Аккра қаласында екі мотоциклші атып кеткен. Ол үйіне қайтып бара жатқан уақытта, кеудесіне екі оқ және мойнына бір оқ тиген.

Ол қайтыс болғанға дейін Гана парламентінің мүшесі Кеннеди Агьяпонг телекөрсетлім арқылы көпшіліктің көзінше "ісім сенімен болсын" деген сыңай танытқан. 

"Егер оны бір жерден көріп қалсаңыздар, оның құлағын сындырыңыздар. Оны ұрыңыздар. Не болса да мен жауап беремін. Ол өте жаман бала", - деді парламентарий. Осы кезде журналистің суреті эфирден көрсетілді. 

"Би-би-си" телеарнасы Хуссейн-Суаленің жұмысын пайдаланып фильм көрсеткен. Агьяпонг болса осыған қатты ашуланған. Себебі фильмде Гана футбол ассоциациясының шенеуніктері, оның ішінде президенті Квеси Найантакидің пара алып жатқаны түсрілген. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети