Ғарышкер Юпитер мен Сатурн қосылған фотоны көрсетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ғарышкер Юпитер мен Сатурн қосылған фотоны көрсетті Фото: elements.envato.com

Халықаралық ғарыш станциясының бортынан қарағанда Юпитер мен Сатурнның "қосылуы" қалай көрінетінін ғарышкер Сергей Кудь-Сверчков көрсетті. Ол фотоны Twitter желісіндегі парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астрономиялық құбылысты 21-23 желтоқсан аралығында көруге болатын. Ғарышкер Юпитер мен Сатурн аспанда 794 жылдан бері алғаш "біріккенін" атап өтті. Ғаламшарлар жарық екі жұлдыз секілді болып көрінді.

Фото: Twitter / kudsverchkov

21 желтоқсанда Сатурн мен Юпитерді алты бұрыштық минут бөліп тұрды. Астроном мұны Айдың толған сәтімен (30 бұрыштық минут) салыстырып түсіндірді. Негізінде планеталар бір-бірінен 750 миллион шақырым қашықта болған.

Юпитер мен Сатурнның жақындасуын Вифлеем жұлдызы болуы мүмкін деп болжағандар да бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети