Imaginactive ұйымының мамандары ғарыш пойызының жаңа концепциясын таныстырды. Ол болашақта өте қатты жылдамдықта Күн жүйесінде еркін түрде жүктер мен адамдарды тасымалдай алады делінеді, - деп хабарлайды "Вести.Ru".

Ғалымдардың ойынша, "Солнечный экспресс" алты цилиндр бөлімінен тұрады, ол жылдамдықты асыруға септігін тигізеді. Концепция бойынша негізгі жолдың бойында күн сәулесі арқылы қуаттайтын пойыз бекеттерін салу жоспарланған. "Солнечный экспресс" фантастикалық жылдамдықпен қозғала алады - 3000 шақырымды бір минутта жүріп өтеді.
"Ғарышта саяхат жасайтын пойыздың ең қымбат бөлшектері жылдамдықты арттыру және бәсеңдету жүйелері болып табылады. Жүгі бар пойыздың осындай жылдамдықпен қозғалуы көп қуатты қажет етеді", - дейді жоба авторларының бірі Чарльз Бомбардье. - Құрылғы крейсерлік жылдамдыққа жеткенде, қуатты пайда азая түспек".