Газа секторынан шыққан ХАМАС қозғалысының жауынгерлері Израильге қарай ондаған зымыран ұшырды. Бұл туралы Reuters жазды, - деп хабарлайды "Хабар 24".
Газа секторынан шыққан ХАМАС қозғалысының жауынгерлері Израильге қарай ондаған зымыран ұшырды. Бұл туралы Reuters жазды, - деп хабарлайды "Хабар 24".
Соңғы мәлімет бойынша, Изриаль ХАМАС қозғалысының әскери нысандарына Газа секторынан зымыранмен соққы жасаған. Бұл ХАМАС ұйымының шабуылына қарымта жауап дейді Израиль тарапы.
Газа секторының денсаулық сақтау қызметінің мамандары әуе шабуылынан 20 адам мерт болғанын хабарлайды. Олардың арасында 9 бала бар.
"Біз қақтығыстың ушығуын қаламадық. Бізге шабуыл жасаған адамдар жазасын алады", - деді Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху.
Айта кетейік, дүйсенбіде Иерусалим, Бейт-Шемеш және елдің оңтүстігінде әуе шабуылы жайында қауіп-қатер дабылы соққан болатын. Зымыранмен жасалған соққыларға жауапкершілікті ХАМАС әскері өз мойнына алды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!