03 шілде 2023 | 15:17

Генерал Серік Күдебаевтың қашу ісіне қатысы бар деген 5 адам жазаланды

Алғабек Хамитұлы Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Серік Күдебаев Серік Күдебаев

Қырғызстанда қазақстандық генерал Серік Күдебаевтың қашу дерегі бойынша қозғалған қылмыстық іске қатысы бар деген бес айыпталушы сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. тілшісі 24.kg агенттігіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қырғызстанда қазақстандық генерал Серік Күдебаевтың қашу дерегі бойынша қозғалған қылмыстық іске қатысы бар деген бес айыпталушы сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. тілшісі 24.kg агенттігіне сілтеме жасап.

Осыған дейін барлық айыпталушы кінәсін мойындау туралы келісімге қол қойған.

"Іс бойынша 4 айыпталушы азаматтық тұлға, тағы біреуі Қырғыз Республикасының мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы қызметкері. Тергеу ісімен республиканың әскери прокуратурасы айналысты. Тергеу аяқталған соң, материалдар сотқа жіберілді. Алдын ала мәлімет бойынша, барлық айыпталушыға 350 мың сом көлемінде айыппұл салынды", - деді ведомство өкілдері.

Еске салайық, мамыр айының соңында Қырғызстанның әскери прокуратурасы қазақстандық генерал Серік Күдебаевтың шекарадан заңсыз өтуі дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатқаны белгілі болған еді.

2022 жылдың сәуірінде қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысты бірнеше облыстағы полиция мен ҰҚК департаменттерінің басшылары күдікті ретінде танылды. Екі аптадан кейін Ішкі істер министрлігінің басшысы Серік Күдебаевты қызметінен босатты. Содан кейін оның өз еркімен кеткені хабарланды. Сол жылдың мамыр айында Күдебаевтың да қаңтар оқиғасы бойынша күдіктілер тізімінде екені белгілі болды.

28 ақпанда өткен сот талқылауы кезінде прокурорлар генерал Күдебаевты тоғыз жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Осыдан кейін сот айыпталушының соңғы сөзін тыңдауы керек еді, бірақ 10 наурызда Күдебаевтың сырқатына байланысты ауруханаға жатқызылды. Содан кейін Күдебаев сотқа келмегендіктен 4 рет (16, 20 және 27 наурыз) жаза мерзімі кейінге шегерілді.

1 сәуірде БАҚ генерал Күдебаевтың шетелге қашып кеткенін хабарлады. Болжам бойынша, ол Қырғызстанмен шекараны кесіп өтіп, ол жерден Өзбекстанға өтіп, одан кейін Солтүстік Кипрге ұшқан. Жетісу соты Алматы облысы полициясының бұрынғы басшысына халықаралық іздеу жариялады. 23 наурызда Күдебаев мемлекеттік шекараны кесіп өтіп, Бішкектегі "Манас" әуежайынан Ыстамбұлға ұшып кеткен.

27 сәуірде бас прокурор Берік Асылов генерал-майордың Түркияда ұсталып, Қазақстанға жеткізілгені туралы ақпаратты растады. Кейін Күдебаевтың уақытша ұстау изоляторына қамалғаны анықталды.

Жетісу облыстық соты генерал Серік Күдебаевты 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеу туралы үкім шығарды.

Еске сала кетейік, генерал Серік Күдебаевтың шекараны қалай және қашан кесіп өткенін хабарлаған едік.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 523.21   550.47   4.96 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети