Германия көмірден толықтай бас тартады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Германия көмірден толықтай бас тартады Pixabay.com

Германияда 2038 жылға дейін көмірден толықтай бас тарту көзделіп отыр, - деп хабарлайды REUTERS

ПОДЕЛИТЬСЯ

Германияда 2038 жылға дейін көмірден толықтай бас тарту көзделіп отыр, - деп хабарлайды REUTERS

ГФР үкіметінің көмір өндіру мәселелері жөніндегі комиссиясы федерал жерлерге көмірден электр көзі ретінде пайдаланудан толықтай жоспарлы бас тарту мақсатында 40 миллиард еуро бөлу туралы шешім қабылдады. Бұл өңірлер 20 жыл бойында жыл сайын 1,3 миллиард еуро көлемінде субсидия алып отырады.  

Қосымша 700 миллион еуро Берлиннен келесі 20 жыл бойында федерал жерлер бюджетіне түседі.

2017 жылы ГФР-де электр энергиясын өндіру мақсатында қолданылатын отынның барлық түрінің 40 пайызы көмір жағудан алынып келген. Бұл Германиядағы соңғы уақытта ушығып отырған ауаның ластануы мәселесінің негізгі себебі. 

Германияда қазіргі уақытта көмір өндіретін шахта жоқ, соңғысы 2018 жылдың желтоқсанында жабылған. Бұл ел көмірді өзге елдерден импорттайды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети