Германияда Эбола безгегін жұқтырғандарды тасымалдайтын ұшақ құрастырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Германияда Эбола безгегін жұқтырғандарды тасымалдайтын ұшақ құрастырылды

Германияда Эбола безгегін жұқтырғандарды тасымалдайтын арнайы ұшақ құрастырылды, - деп хабарлайды РИА Новости. Әуе кемесі ГФР үкіметінің тапсырысымен жасалған.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Германияда Эбола безгегін жұқтырғандарды тасымалдайтын арнайы ұшақ құрастырылды, - деп хабарлайды РИА Новости. Әуе кемесі ГФР үкіметінің тапсырысымен жасалған.

 

Ұшақ Lufthansa әуе компаниясының ұзақмагистральді Airbus A340-300 негізінде құрастырылған. Инженерлер әуе кемесінің бортына герметикалы карантин станциясын орнатқан. Ол экипажға ауру жұқтырмау үшін арнайы желдеткіш жүйесіне қосылған. Ұшақты тек Германия ғана емес, басқа елдер де қолдана алады. Батыс Африкадан науқастар тасымалдануы мүмкін деген де болжам бар, тіпті пациенттерді ауа кеңістігінде емдеуге болады. Ұшаққа немістің әйгілі микробиологы және дәрігері Роберт Кохтың есімі берілді.

 

Айта кетейік, Эбола безгегі 2014 жылы ақпанда Гвинеяда пайда болды. Кейін індетті жұқтырғандар Либерияда, Сьерра-Леонеде, Нигерияда, Конго Демократиялық Республикасында және Сенегалда тіркелді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәлімдеуінше, Эболаны жұқтырған 13 042 адамның 4 818-і көз жұмған. Жергілікті тұрғындар ауру жұқтырып қаза тапқандар жайлы мәліметті хабарлай бермейді, сондықтан қайтыс болғандардың қатары бұдан да көп болуы мүмкін. Сарапшылар ауру жұқтырғандардың қатары 2015 жылы азаяды деп есептейді.

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети