ӘЧ-2014: Германия құрамасы Франция командасын жеңіп, турнирдің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.
ӘЧ-2014: Германия құрамасы Франция командасын жеңіп, турнирдің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Рио-де-Жанейродағы "Маракана" стадионында өткен ойын 1:0 есебімен немістердің пайдасына шешілді. Ондағы жалғыз голды ойынның 13-ші минутында Матс Хуммельс соқты.
ӘЧ-2014 жартылай финалында Германия құрамасы Бразилия мен Колумбия құрамалары арасында Астанамен уақытымен түнгі сағат 02:00-де өтетін ойында жеңіске жетке командамен ойнайтын болады. Бұл ойынды "Еуразия" Бірінші арнасы" көрсетеді.
Еске саламыз, ӘЧ-2014 маусымның 12-і күні басталып, шілденің 13-і күні аяқталатын болады. ӘЧ-2014 жеңіске жеткен команда 35 миллион доллар алатын болса, ал екінші орыннан көрінгендер 25, үшінші орынға қол жеткізгендер 22 миллион долларға иелік ететін болады.