Германия канцлері коронавирусқа қарсы екі түрлі вакцина салдырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Германия канцлері коронавирусқа қарсы екі түрлі вакцина салдырды Фото: Reuters

Германия канцлері Ангела Меркель коронавирусқа қарсы Moderna вакцинасының екінші дозасын салдырды, жоспар бойынша ол AstraZeneca салдыруы тиіс болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Германия канцлері Ангела Меркель коронавирусқа қарсы Moderna вакцинасының екінші дозасын салдырды, жоспар бойынша ол AstraZeneca салдыруы тиіс болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Алдын ала мәліметке сәйкес, екінші доза үшін өзге вакцинаны таңдауға Роберт Кох атындағы вирусология институтының вакцинация жөніндегі тұрақты комиссиясының (Stiko) AstraZeneca вакцинасын 60 жастан асқандарға салмау туралы берген кеңесіне байланысты болуы мүмкін. Комиссия вакцинаның бірінші дозасын салдырып қойғандарға Moderna-ға көшуді ұсынған.

Сарапшылардың айтуынша, 66 жастағы канцлер бұған дейінгі зерттеулердің бір екпенің және бір өндірушінің екі дозасын салдырғаннан гөрі, AstraZeneca мен өзге вакцинаны араластырудың тиімділігін көрсеткенін білген.

Қазіргі таңда Германияда 67 миллион адамға COVID-19-ға қарсы вакцина салынған, олардың арасында кемі 42,5 миллион адамға бірінші доза салынған.

Айта кетейік, канцлер еуропалық елдердің біразы бас тартып, шектеу қойса да 16 сәуірде AstraZeneca вакцинасының бірінші дозасын салдырған. Вакцинаны қолдануға тыйым салу үшін бірқатар негіз болды, атап айтқанда тромбтардың түзілуі, аллергиялық әсер және тағы да басқа. Алайда ДДСҰ мен ЕМА ұсынымына сәйкес бірқатар елде қайта салына бастады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети