Германия Президенті фашистер ашқан соғыс үшін ұялатынын мәлімдеді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©REUTERS ©REUTERS

Германия Федеративті Республикасының Президенті Йоахим Гаук нацистік Германияның Кеңес Одағына қарсы жүргізген соғысы туралы ұят сезімімен еске алатынын мәлімдеді. Бұл туралы ол Ресей Президенті Владимир Путинге жазған хатында баяндайды деп хабарлады Tengrinews.kz "РИА Новости" агенттігіне сілтеме жасап. Германия Президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Йоахим Гаук ресейлік әріптесі Путинге Ленинградтың қоршаудан шығарылғанына 70 жыл толуына орай хат жазған. Онда "Мен нацистік Германияның Кеңес Одағына қарсы жүргізген жойып жіберу соғысын зор қайғымен және ұят сезімімен еске аламын. Әсіресе, Ленинградтың қоршауда қалуы соғыстың ең сұмдық оқиғасы болды. Мен сізге және сіздің халқыңызға: біз қазаға ортақтасамыз және соғыс салдарынан әлі күнге дейін зардап шегіп келе жатқан тірілермен бірге қайғырамыз дегіміз келеді", - деп жазады Германия Президенті. Айта кетейік, Ленинград блокадасы 1941 жылдың 8 қыркүйегінде басталып, 900 күнге созылды. 1944 жылдың 27 қаңтарында ленинградтық-новгородтық шабуылдау операциясының нәтижесінде батыр қала түгел азат етілді. Бірақ бұған дейін 600 мыңнан астам қала тұрғыны аштық пен індеттен қырылды, бір бөлігі аяздан, артиллериялық қару оғы мен бомбалардың салдарынан өлді. Із-түссіз жоғалып кеткендер де көп болды. "Санкт-Петербург тұрғындарымен бірге мен басын саналы түрде өлімге тіккен талай жазықсыз жанның, көптеген әйелдің, ерлер мен балалардың азабы жайлы еске аламын. Таня Савичеваның күнделігі сияқты жантүршігерлік құжат деректерінен біз қоршауда қалған адамдардың азап шегуі, көз жасы, торығуы, жан төзбес аштық көруі мен тіршілік үшін күресі жайлы білеміз", - дейді Гаук. Германия Президенті дүйсенбіде бундестаг депутаттары Ленинград блокадасы құрбандарын еске алып, тағзым еткенін атап өтті. Жыл сайын қаңтардың 27-сі - Освенцим фашистік концлагерін босату күніне орай неміс парламентінде өтетін "Еске алу сағаты" бұл жолы Лениград блокадасына арналды. Депутаттар алдында қоршаудағы Ленинград азабын көрген ресейлік жазушы Даниил Гранин сөз сөйледі. Шараға Йоахим Гаук пен Германия канцлері Ангела Меркель де қатысты. Айта кетейік, 27 қаңтар - Ресейде Жауынгерлік даңқ күні. Бұл күн кезінде Ленинградтың неміс басқыншыларынан түгел азат етілуіне орай белгіленген.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer