Германия Ресейді Ryanair ұшағын қондыруға қатысы бар деп айыптады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: ©REUTERS Фото: ©REUTERS

Ryanair ұшағының Минскіге мәжбүрлі түрде қонуына және бортта болған Роман Протасевич пен оның қызы София Сапеганы ұстауға Ресейдің қатысы болуы мүмкін. Бұл пікірді Бундестаг сыртқы істер комитетінің төрағасы, Германиядағы билеуші Христиан-демократиялық одақ(ХДО) өкілі Норберт Реттген (Norbert Röttgen) айтты, - деп хабарлайды DW.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ryanair ұшағының Минскіге мәжбүрлі түрде қонуына және бортта болған Роман Протасевич пен оның қызы София Сапеганы ұстауға Ресейдің қатысы болуы мүмкін. Бұл пікірді Бундестаг сыртқы істер комитетінің төрағасы, Германиядағы билеуші Христиан-демократиялық одақ(ХДО) өкілі Норберт Реттген (Norbert Röttgen) айтты, - деп хабарлайды DW.

"Кем дегенде ұшақты мәжбүрлі түрде қондыру Кремльде мақұлданғанын немесе Ресейден қолдау алғанын ескеру керек", - деді саясаткер.

Реттгеннің айтуынша, Ресей президенті Владимир Путиннің қолдауынсыз Беларусь билеушісі Александр Лукашенко биліктен әлдеқашан айрылған болар еді.

Минскідегі диспетчер мен Ryanair рейсі ұшқышының әңгімесі жарияланды

Норберт Реттген Лукашенко режиміне қарсы айыппұл шараларын күшейту керек деген пікір білдірді.

"Лукашенко режимінің барлық тірегіне қатаң санкциялар салатын кез келді: әскер, полиция, әкімшілік, арнайы қызметтер және осы режимді экономика тұрғысынан қамтамасыз ететін барлық мемлекеттік кәсіпорын", - деді неміс саясаткері.

Сонымен қатар, ол Беларусьтегі электр станциясына Siemens жабдықтарын жеткізуге Германия мемлекеттік KFW банк берген несиені тоқтатуды ұсынды.

Минскіде Ryanair лайнерін мәжбүрлеп қондыру операциясына Ресейдің қатысы болуы мүмкін деген пікірге Еуропалық Парламенттегі консервативті Еуропалық халық партиясы (EVP) фракциясының басшысы Манфред Вебер (Manfred Weber) де келіседі.

"Бұл оқиға Мәскеу басшылғы Еуропамен тату көрші қарым-қатынасты қаламайтынын және мақсатты түрде қақтығыс бастағанын көрсетеді", - деді ол Augsburger Allgemeine басылымына.

Кремль бұл жағдайға қандай да бір қатысы барын жоққа шығарды.

Александр Лукашенко 26 мамырда оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасайды деп күтіледі.

Еске салайық, 23 мамырда күндіз Ryanair әуе компаниясының Афинадан Вильнюске ұшып бара жатқан ұшағы Минскіде шұғыл қонған. "Ұшақ бомба қойылды деген хабардан кейін қондырылды", - делінген әуежай хабарламасында. Кейін бұл ақпарат расталмады. 

Лукашенко Nexta экс-редакторы мінген ұшақты қондыру туралы бұйрықты өзі берген

Ұшақ бортында журналист, Nexta телеграм-арнасының бұрынғы бас редакторы Роман Протасевич болған. Nexta 2020 жылғы тамызда Беларусьтегі президенттік сайлаудың нәтижелері жарияланғаннан кейін жаппай наразылық кезінде оппозицияның негізгі алаңдарының бірі болды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro