Германия, Швеция және Польша билігі ресейлік дипломаттарды нон грата деп жариялады. Үш елдің СІМ-і бұл шешімді 5 ақпанда өз қызметкерлерін Ресейден шығарғаны үшін жауап деп атады, - деп хабарлайды РИА Новости.
Германия, Швеция және Польша билігі ресейлік дипломаттарды нон грата деп жариялады. Үш елдің СІМ-і бұл шешімді 5 ақпанда өз қызметкерлерін Ресейден шығарғаны үшін жауап деп атады, - деп хабарлайды РИА Новости.
Германия СІМ Берлиндегі Ресей елшілігі қызметкерін нон грата деп жариялады.
"Ресейдің Еуропалық Одақтың бірнеше дипломатын, оның ішінде Германияның Мәскеудегі елшілігі қызметкерін шығару туралы шешімі негізсіз", - делінген министрліктің хабарламасында.
Құжатта Ресейде қызметтен шығарылған неміс дипломаты "дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясында қарастырылған өз міндетін заңды түрде жергілікті оқиғалар туралы ақпарат ала отырып орындады" делінген.
Польшада Познаньдағы Бас консулдықтың қызметкері де персона нон грата деп жарияланды.
"Польшаның сыртқы істер министрлігі поляк дипломатының себепсіз шығарылуына жауап ретінде бүгін өзара түсіністік қағидатына сәйкес және Германия мен Швециямен келісе отырып, Познаньдағы Ресейдің Бас консулдығының қызметкерін нон гратты деп тануға шешім қабылдады", - делінген хабарламада.
Ал Швецияда қызметінен босаған ресейлік дипломаттың лауазымы көрсетілмеген.
"Біз Ресей елшісіне Ресей елшілігі қызметкерінің Швециядан кетуі талап етілгенін айттық. Бұл тек өз міндеттерін орындаған швед дипломатын қызметтен босатуы туралы негізсіз шешімге нақты жауап", - деп жазды елдің сыртқы істер министрі Анн Линде Twitter-парақшасында.
Өткен жұмада Ресей СІМ Германия, Швеция және Польша дипломатиялық өкілдіктерін келісілмеген акцияларға қатысқанын хабарлады. Олар нон грата деп жарияланды және елден кетуге міндеттелді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!