07 қыркүйек 2020 | 09:40

Германия СІМ басшысы Навальный ісі бойынша деректердің Ресейге берілуі неге созылғанын түсіндірді

Алексей Навальный. © РИА Новости / Валерий Мельнико

ГФР СІМ басшысы Хайко Маас Германия оппозиционер Алексей Навальныйдың ісі бойынша сұралған ақпаратты Ресейге бере алатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ГФР СІМ басшысы Хайко Маас Германия оппозиционер Алексей Навальныйдың ісі бойынша сұралған ақпаратты Ресейге бере алатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Ол бұл көпсатылы процесс екенін және онда жаңа мәліметтер шығып отыратынын, сондай-ақ, бірқатар мәселені шешу қажет екенін атап өтті.

Реклама
Реклама

"Ресей жіберген құқықтық көмек туралы бұл сұрау келісілді. Бұл біздің тарапымыздан сұралған ақпарат беріледі дегенді білдіреді. Бірақ бұл (көпсатылы - автор) процесс, өйткені мәліметтер жаңарып тұрады - Навальныйды емдеп жатыр, оның ағзасында қанша у қалғанын немесе шығып жатқаны тексеріледі", - деді Маас ARD телеарнасына берген сұхбатында.

Ол құқықтық көмек туралы сұрауды қарау процесі әртүрлі ведомство арқылы өтетінін айтты.

"Мұны әлі сынамаларды зерттеген Шариттегі медицина қызметкерлері қарауы қажет. Зерттеу нәтижелері дегенде жеке мәліметтерді айтып отырмыз, оны ақпарат тиесілі адам ғана бере алады", - деді Маас.

ГФР СІМ тарапынан процестің іс жүзінде жүзеге асырылуы үшін бәрі келісілді.

Еске салайық, Мәскеу Берлиннен Навальныйға байланысты өтінішке жедел жауап беруді сұраған.

"Дегенмен Берлинді тиісті сауалдарға жедел жауап беруге шақырамыз және біз мұны бірнеше рет жеткіздік. Тергеу туралы айтатын болсақ, біз Солтүстік Атлантикалық альянстағы серіктестердің халықаралық тергеу жасауға, халықаралық ұйымдарға жүгінуге ұсыныстарын естідік. Тіпті бұған қарамастан тергеу туралы айтқанда, барлығы заңды түрде жүргізілуі керек. Біз осы жолдамыз", - деді Ресей СІМ ресми өкілі Мария Захарова "Россия 24" телеарнасында.

Еске салайық, Навальный 20 тамызда ұшақта әлсіреп, Омбыда ауруханаға түскен болатын. Тексеру нәтижесінде дәрігерлер зат алмасу бұзылғандықтан қандағы қант мөлшері күрт өзгергенін айтты. Оның денсаулығының неден нашарлағаны әлі белгісіз, Омбы дәрігерлерінің айтуынша, Навальныйдың қаны мен зәрінде у табылған жоқ.

Кейін оппозиционер Германияға ұшақпен жеткізілді. Сәрсенбіде ГФР үкіметі әскери дәрігерлерге сілтеме жасай отырып Навальныйды жауынгерлік "Новичок" улы заттар тобының қоспасымен улады деп мәлімдеді.

Ресей тарапы Германияның құқық қорғау органдарына, сондай-ақ неміс дәрігерлеріне Навальныйға қатысты жағдай туралы сұрау жіберді, бірақ әлі жауап қайтарылмады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная