06 қыркүйек 2020 17:29

Мәскеу Берлиннен Навальныйға байланысты өтінішке жедел жауап беруді сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Instagram/navalny Сурет: Instagram/navalny

Мәскеу Берлинді Алексей Навальныйға қатысты Ресейдің сұрауларына жедел жауап беруге шақырды, - деп хабарлайды РИА Новости.


Мәскеу Берлинді Алексей Навальныйға қатысты Ресейдің сұрауларына жедел жауап беруге шақырды, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Дегенмен Берлинді тиісті сауалдарға жедел жауап беруге шақырамыз және біз мұны бірнеше рет жеткіздік. Тергеу туралы айтатын болсақ, біз Солтүстік Атлантикалық альянстағы серіктестердің халықаралық тергеу жасауға, халықаралық ұйымдарға жүгінуге ұсыныстарын естідік. Тіпті бұған қарамастан тергеу туралы айтқанда, барлығы заңды түрде жүргізілуі керек. Біз осы жолдамыз", - деді Ресей СІМ ресми өкілі Мария Захарова "Россия 24" телеарнасында.

Бұған дейін Германияның Сыртқы істер министрі Хайко Маас Навальныймен болған оқиғаға байланысты Ресейден "алдағы күндері" іс-қимыл күтетінін мәлімдеген болатын, әйтпесе Берлин серіктестермен қарсы шараларды талқылайды. Маас Навальный бастан кешкен оқиға артында Ресей мемлекеті тұрғанына қаншалықты сенімді екендігі туралы сұраққа жауап берді. "Бұған нұсқаулар көп, сондықтан Ресей тарапы қазір сынақ алдында тұр". - деп жауап берді ол.

Навальный ауруханаға түскенде дене қызуы 34,2 градус болған - БАҚ

Еске салайық, Навальный 20 тамызда ұшақта өзін нашар сезініп, Омбыда ауруханаға түскен болатын. Тексеру нәтижесінде, дәрігерлер зат алмасу бұзылғандықтан қандағы қант мөлшері күрт өзгергенін айтты. Блогер денсаулығының неден нашарлағаны әл белгісіз, Омбы дәрігерлерінің айтуынша, Навальныйдың қаны мен зәрінде у табылған жоқ. Кейін оппозиционер Германияға ұшақпен жеткізілді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.32   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети