Германияда алғаш рет COVID-19-ға қарсы вакцина сынақтан өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Германияда алғаш рет COVID-19-ға қарсы вакцина сынақтан өтеді Фото: Тұрар Қазанғапов

Германияда Пауль Эрлих атындағы вакцина және биомедициналық препараттар институты COVID-19 қарсы вакцинаны алғаш рет клиникалық тұрғыдан мақұлдады, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Германияда Пауль Эрлих атындағы вакцина және биомедициналық препараттар институты COVID-19 қарсы вакцинаны алғаш рет клиникалық тұрғыдан мақұлдады, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Вакцинация жасалатын кандидатқа оның қаупі мен потенциалды пайдасын мұқият бағалағаннан кейін рұқсат етілді. BioNTech препаратын әзірлеушілермен алдын ала ғылыми кеңес жүргізгеннен кейін Пауль Эрлих атындағы институт процесті төрт күнде аяқтады", - деп жазылған хабарламада.

Институттың хабарлауынша, вакциналарды адамға салып тексеріп көру - ел тұрғындары мен әлем жұртшылығы үшін COVID-19-ға қарсы тиімді және қауіпсіз препарат жасаудың маңызды кезеңі.

Клиникалық сынақтың алғашқы бөлігіне 18-55 жас аралығындағы 200 ерікті қатысады. Олардың барлығына "вакцинаның бірнеше жеңіл модифицирленген нұсқасының біреуімен" егіледі. Еріктілерді белгілі бір уақыт аралығында қадағалап отырады, кейін сынақтың екінші кезеңі басталады.

Осылайша, институт мамандары әлемде адам үшін COVID-19 қарсы препаратты төртінші клиникалық зерттеуді өткізді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Иран әуе кеңістігін ашты

Валюта бағамы

 509.63  course down  595.42  course up  6.58  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети