Германияда карантинді бұзғандар арнайы мекемеге жіберіледі - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Германияда карантинді бұзғандар арнайы мекемеге жіберіледі - БАҚ Фото: REUTERS

Германияда карантин талаптарын бұзғандар үшін "күштеп орналастыру мекемесі" пайда болуы мүмкін, - деп хабарлайды "Хабар 24".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Германияда карантин талаптарын бұзғандар үшін "күштеп орналастыру мекемесі" пайда болуы мүмкін, - деп хабарлайды "Хабар 24".

Дереккөз мәліметінше, Саксония билігі осы бастаманы қолға алмақ. Ережеге бағынбағандардың Дрезден қаласындағы босқындарды қабылдау орталығына жіберілетіні айтылады. Бұл мекеме 2017 жылы салынған екен. Билік оны қайта жабдықтау жағын қарастырып жатыр.

Мекеме төңірегі қоршалған. Оны полицейлер бақылап отырады. Мамандардың сөзіне қарағанда, бұл мекемеге карантин ережелерін бірнеше рет бұзғандар ғана күштеп орналастырылады. Саксонияның денсаулық сақтау министрі ұқсас бастаманы былтыр да көтерген еді. Бірақ ол кезде карантин ережелерін елемегендерді психиатриялық емханаларға не қонақүй мен ауруханаға жіберу ұсынылған. Алайда билік бұл идеяны құптамаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети