02 желтоқсан 2020 | 07:47

Германияда көлік жаяу жүргіншілерді басып кетті: 5 адам қаза болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©REUTERS Фото: ©REUTERS

Германияның Трир қаласында жаяу жүргіншілерді көлік қағып, қаза болғандар саны артып жатыр. Бұл туралы жергілікті полицейлер мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости


Иконка комментария блок соц сети

Германияның Трир қаласында жаяу жүргіншілерді көлік қағып, қаза болғандар саны артып жатыр. Бұл туралы жергілікті полицейлер мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости

"Біз бес адам, оның ішінде бір бала қаза болғанын растай аламыз", - делінген ведомство баспасөз қызметінің Twitter желісіндегі хабарламасында.

Трир қаласында 1 желтоқсанда көлік жаяу жүргіншілерге арналған жолда адамдарды басып кетті. Жүргізуші ұсталды, ол Германияның 51 жастағы тұрғыны екен. Оның неге мұндай апат жасағаны әзірше хабарланбады.

Қаланың аға прокуроры Петер Фрицен күдіктінің психикалық ауытқуы болуы мүмкін екенін атап өтті. Сондай-ақ, ол мас күйінде болған. Алкотест нәтижесі алкоголь мөлшері 1,4 промилле болғанын анықтады, енді қан талдауының нәтижесі шығады.

"Психикалық ауытқуы болуы мүмкін деген негіз бар. Күдіктіні дәрігер тексерді, бірақ әлі де тексеру керек. Тергеу барысында психиатрлар сараптама жасайды", - деді аға прокурор.

ГФР министрлер кабинетінің ресми өкілі Штеффен Зайберт үкіметтегілер оқиғадан "шок" алғанын мәлімдеді. Канцлер Ангела Меркель оқиғаға байланысты аймақ басшыларымен байланыста екенін хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети