19 шілде 2016 | 08:43

Германияда қолына балта ұстаған ауғанстандық 17 жастағы босқын қанды қырғын жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© dpa © dpa

Германияның оңтүстігіндегі Вюрцбург қаласының түбінде ауғанстандық 17 жастағы босқын қолына балта ұстап, қанды қырғын жасады, - деп хабарлайды Bild.de. Оқиға 18 шілдеде кешкі уақытта болған.


Иконка комментария блок соц сети

Германияның оңтүстігіндегі Вюрцбург қаласының түбінде ауғанстандық 17 жастағы босқын қолына балта ұстап, қанды қырғын жасады, - деп хабарлайды Bild.de. Оқиға 18 шілдеде кешкі уақытта болған.

Қолына балта мен пышақ ұстаған жасөспірім "Аллаху Акбар" деп айғайлап, пойыз жолаушыларына шабуылдаған. Салдарынан 19 адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Олардың үшеуі ауыр жағдайда жатыр.  

Пойыз тоқтағанда жігіт қашып кетпекші болған, алайда оқиға орнына келген полиция жасағы алдынан шығып, оны атып тастаған.

Бавария ІІМ басшысы Йоахим Херрманның айтуынша, күдікті Оксенфуртте тұрады екен. Ол Германияға таяуда келіпті. "Шабуылдаушы исламшы топтарымен байланысты болуы мүмкін", - деп мәлімдеді Херрман.


Фото: dpa

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети