Германияда коронавирус жұқтырғандар саны 11 мыңға жетіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Германияда коронавирус жұқтырғандар саны 11 мыңға жетіп қалды Фото ©REUTERS

Германияда коронавирус жұқтырғандар саны бір тәулікте 2,8 мыңға өсті, 20 адам қайтыс болған. Бұл туралы Роберт Кох институты мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Германияда коронавирус жұқтырғандар саны бір тәулікте 2,8 мыңға өсті, 20 адам қайтыс болған. Бұл туралы Роберт Кох институты мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Бейсенді 00:00-дегі жағдай бойынша 10999 коронавирус жұқтыру дерегі тіркелген. Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымына кіретін Роберт Кох институты елде вирус жұқтырғандардың статистикасын жасап отырады. Бірақ оның мәліметтері БАҚ-тағы сандардан басқаша. 

Қазір елдің Солтүстік Рейн-Вестфалия аймағында вирус қатты тарап жатыр. Бүгінде 3 мыңнан аса (бір тәулікте 661) адам вирус жұқтырған. Бавария мен Баден-Вюртембергте - тиісінше, 1692 (449) және 2155  (546). Германия астанасы Берлинде бір тәулікте 182 адам вирус жұқтырған, қазір олардың саны - 573.  

Германиялық БАҚ сәрсенбіде 12,3 мың адам коронавирус жұқтырғанын, ал 31 адамның қайтыс болғанын хабарлаған еді.   

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
ТОП-5 алаяқтық схема

Валюта бағамы

 504.24  course down  589.73  course down  6.49  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети