26 қараша 2020 | 10:41

Германияда локдаун 20 желтоқсанға дейін ұзартылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Германиядағы локдаун 20 желтоқсанға дейін ұзартылды. Шешім канцлер Ангела Меркель және федералдық жерлердің басшылары қатысқан кездесуде қабылданды. Ал қонақүй, мейрамханаларға қатысты жеке шектеулер қаңтар айына дейін созылуы мүмкін, - деп хабарлайды РИА Новости


Иконка комментария блок соц сети

Германиядағы локдаун 20 желтоқсанға дейін ұзартылды. Шешім канцлер Ангела Меркель және федералдық жерлердің басшылары қатысқан кездесуде қабылданды. Ал қонақүй, мейрамханаларға қатысты жеке шектеулер қаңтар айына дейін созылуы мүмкін, - деп хабарлайды РИА Новости

Кеңес қорытындысы бойынша баспасөз конференциясында Меркель Германияда 2 қарашадан бастап енгізілген шектеулер алынбайтынын жеткізді. Кеңес қорытындысы бойынша қабылданған құжатта жаңа шектеулер көрсетілген, оның ішінде, жалпы ауданы 800 шаршы метр болатын сауда орталықтарының әр 20 шаршы метріне бір адамнан болуы керек. Ауданы 800 шаршы метрден аз дүкендерге қойылатын талап бұрынғыдай - әр 10 шаршы метрде бір адамнан. 

Қорғаныш маскасын тағу ережесі де қатаңдады. Енді жергілікті тұрғындар барлық қоғамдық орында, жабық нысанда, дүкенде сондай-ақ тұрақ орындарында да маска тағып жүруге міндеттелді.  

Германия билігі ірі шаралардан, оның ішінде, жаңа жыл және рождество мейрамдарынан бас тартқан, сондай-ақ ел билігі азаматтарды отшашудан бас тартуға шақырған. Мектептер мен балабақшалар әлі де жұмыс істеп жатыр, алайда науқастар саны өскен жағдайда маска тағу ережесі қатаңдайды. 

Құжатта кәсіпорындар мен фирмаларға қараша айындағыдай өтемақы төленетіні айтылған. Өтемақының нақты сомасы әзірше белгісіз. Қарашада, Германияның экономика министрі Петер Альтмайердің сөзінше, пандемияға байланысты жабылып қалған фирмалар мен кәсіпорындарға берілген өтемақының жалпы сомасы 15 миллиард еуро болған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети