Германияда мыңдаған адамға вакцина орнына тұзды ерітінді салған медбике ұсталды

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Германияда мыңдаған адамға вакцина орнына тұзды ерітінді салған медбике ұсталды Фото: elements.envato.com

Медбике наурыздан сәуірге дейін жергілікті тұрғындарға COVID-19-ға қарсы вакцинаның орнына тұзды ерітінді салған деген күдікке ілінді. Бұл туралы Merkur басылымы жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Медбике наурыздан сәуірге дейін жергілікті тұрғындарға COVID-19-ға қарсы вакцинаның орнына тұзды ерітінді салған деген күдікке ілінді. Бұл туралы Merkur басылымы жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қызыл Кресттің бұрынғы қызметкері полицейлердің назарын көктемде аударған, бірақ ол кезде баспасөзде әйел алты құты Pfizer/BioNTech вакцинасын абайсызда шағып алып, жазадан қорыққанынан оларды тұзды ерітіндіге алмастырғаны туралы хабарланды. 

Енді тергеушілер әйелдің әрекеті кездейсоқ екеніне сеніп отырған жоқ, себебі жалған "вакцина" алғандардың саны көп. Тұзды ерітіндіні 8557 адамға дейін алуы мүмкін деген күдік бар. Әйел оларға вакцинация үшін шприц дайындаған.

Кейін медбике әлеуметтік желілерде COVID-19 туралы сыни ойын айтқаны анықталды.

Германияның солтүстігіндегі аймақ билігі зардап шеккен барлық тұрғынға коронавирусқа қарсы тағы бір вакцина салдыруға шақырып, хат жолдады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети