28 сәуір 2017 14:51

Германияда ниқабқа заң жүзінде ішінара тыйым салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ansar.ru © Ansar.ru

Германия Парламенті адамның беті мен денесін толықтай жауып тұратын ниқаб киімін киюге тыйым салу туралы заң жобасын мақұлдады, - деп хабарлайды Вести.ru. Бұл кейбір мұсылман әйелдердің бетін бүркеп, тек көзі ғана көрісететін жамылғы. 


Германия Парламенті адамның беті мен денесін толықтай жауып тұратын ниқаб киімін киюге тыйым салу туралы заң жобасын мақұлдады, - деп хабарлайды Вести.ru. Бұл кейбір мұсылман әйелдердің бетін бүркеп, тек көзі ғана көрісететін жамылғы. 

Тыйым жалпыға бірдей емес, тек мемлекеттік қызметкерлерге, судьяларға және әскерилерге салынады. 

"Интеграция, бұл біздің құндылықтарымызды нақты көрсетіп, таратуды білдіреді. Біз мақұлдаған заң жобасы маңызды үлес қосады", - деді ГФР ішкі істер министрі Томас де Мезьер. 

Еске салайық, ниқабқа ішінара тыйым салу туралы өткен жылдың аяғында ГФР канцлері Ангела Меркель айтқан болатын. Ниқаб - араб елдерінде, әсіресе Сауд Арабиясында, Йеменде, Бахрейнде, БАӘ кең таралған. Сонымен қатар Сирия, Сомали, Пәкістан, Үндістан, Ауғанстан елдеріндегі әйелдер де киеді.

Айта кетейік, осыған дейін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қысқа балақ пен сақал қоюға тыйым салу керектігін айтқан болатын. Кейін Дін істері комитетінің төрағасының міндетін атқарушы Бақытжан Күлекеев елімізде қара киім киюге тыйым салады делінген заң жобасы Парламентке күзде түсуі мүмкін екенін айтқан еді. Ал өз кезегінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері көзге ерсі көрінетін, дене бітімін айқындайтын, қара түсті киім-кешектерді пайдаланбаған дұрыс екенін және паранжа (ниқаб) мен "қара киім кию - салтымызға қайшы, бұл ата-бабаларымыздың жолы емес" екенін айтқан еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети