Германияда су тасқынынан қаза болғандар саны артты - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Германияда су тасқынынан қаза болғандар саны артты - БАҚ ©Reuters

Германиядағы жойқын су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 156-ға жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Германиядағы жойқын су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 156-ға жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап.

Жексенбіде таңертең Кобленц полиция басқармасы Рейнланд-Пфальц жерінде апат құрбандарының саны тағы 12 адамға, 110-ға дейін артқанын хабарлады.

Солтүстік Рейн - Вестфалия жерінде тағы 45 адам қайтыс болды (сенбі кешке), Баварияның Берхтесгаден ауданында кемінде бір адам қайтыс болды.

"Бернд" циклоны Германияның бірден бірнеше федерал жеріне тоқтаусыз жаңбыр әкелгені белгілі.

Бұған дейін Германияның батысындағы Рейнланд-Пфальц және Солтүстік Рейн-Вестфалия федерал жерінде су тасқынынан кем дегенде 133 адам қайтыс болғаны хабарланған болатын.

Сондай-ақ, Бельгия, Нидерланды және Франциядағы қатты су тасқыны үйлердің қирауына және адам өліміне әкелді.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынынан зардап шеккендерге байланысты Германияның Федералдық канцлері Ангела Меркельге көңіл айту жеделхатын жолдады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 505.17  course up  598.8  course up  6.58  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети