Немістің Солтүстік Рейн-Вестфалия федерал жеріндегі Дуйсбург қаласында екі адам ұсталды, олар сауда орталығында теракт жасамақ болды, - деп хабарлайды РИА Новости Эссен қаласының құқыққорғаушыларының хабарламасына сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, жұма күні жергілікті уақыт бойынша сағат 00.45-те құқыққорғаушылар 28 және 31 жастағы екі ер адамды ұстаған. Күдіктілердің Олардың Косоводан шыққан ағайынды екеу екені айтылады.. Полиция олар Оберхаузен қаласында теракт жоспарлады деп есептейді.
"Қазіргі уақытта теракт жасауға дайындық қай деңгейде болғанын және оған басқа адамдар қатысқан-қатыспағанын анықтау мақсатында тергеу жүріп жатыр", - делінген хабарламада.
Полициядағылар бейсенбі күні Эссеннің жедел штабының арнайы қызметтерден теракт жоспарланғаны жайды мәлімет алғанын атап қтті. Осыдан кейін рождестводық базарға жақын маңдағы сауда орнына қосымша күш тартылған.