Германияда вакцина сынағының үшінші кезеңі желтоқсанда басталады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Германияда вакцина сынағының үшінші кезеңі желтоқсанда басталады Фото ©REUTERS

Германияда коронавирусқа қарсы вакцина барлық сынақтан өтпей қолданысқа берілмейді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Йенс Шпан айтты, - деп хабарлайды "Хабар24".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Германияда коронавирусқа қарсы вакцина барлық сынақтан өтпей қолданысқа берілмейді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Йенс Шпан айтты, - деп хабарлайды "Хабар24".

Телеарна мәліметінше, неміс үкіметі 300 миллион доза екпе алуға келіскен. Вакцинаның клиникалық сынағының үшінші кезеңі желтоқсанда басталмақ. Германия билігі жергілікті фармацевтикалық компаниялардың вакциналар жасауына 750 миллион еуро бөлген.

"Коронавирусқа қарсы вакциналар клиникалық сынақтың барлық кезеңінен өткеннен кейін ғана қолданысқа беріледі. Кей елдердегідей тәжірибенің екінші кезеңінен кейін екпені пайдалануға рұқсат етілмейді. Себебі, бұл жүздеген миллион мәрте қолданылатын дәрі. Сондықтан вакцинаның қауіпсіздігі мен тиімділігіне әбден көз жеткізу қажет", - деді Германияның денсаулық сақтау министрі Йенс Шпан.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети