Германияда нацистік қаруды жинаған зейнеткердің ісі сотта қаралып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Historynet басылымына сілтеме жасап.
Германияда нацистік қаруды жинаған зейнеткердің ісі сотта қаралып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Historynet басылымына сілтеме жасап.
Германияның солтүстігіндегі Киль қаласының жер сотында ерекше іс қаралып жатыр. Айыпталушы - 84 жастағы Ф. Клаус-Дитер. Ол бұрын қаржы брокері болған, миллионер және үшінші Рейх дәуіріндегі заттарды және қару-жарақ жинаумен айналысқан.
Зейнеткердің Балтық теңізі жағалауындағы Хайкендорф ауылындағы вилласын тінту кезінде қару-жарақ арсеналы табылды. Оның ішінде 1944 жылғы Пантера танкі, 88 миллиметр калибрлі зениттік зеңбірек, Торпедо, 50 миллиметр калибрлі миномет, сонымен қатар көптеген қару-жарақ пен мыңға жуық оқ-дәрі.
Заттар 2015 жылы табылған. Әскери қызметкерлерге үйдің жертөлесіндегі танкті шырып, көлікке тиеу үшін тоғыз сағатқа жуық уақыт қажет болған. Бастапқыда нацистік өнер туындыларының жоғалуына байланысты тінту жүргізілген үйден, таңғаларлық заттар табылған.
Бүгінде прокурорлар мен адвокаттар шартты мерзім және 500 мың еуроға дейін айыппұл төлеу туралы келіссөз жүргізіп жатыр.
Meanwhile in #Germany :-)#WW2 Panther tank seized from pensioner's cellar#damagedroadXXL http://t.co/ffiCt1ehaX pic.twitter.com/RVO2IIDfhS
— Tom Antonov (@Tom_Antonov) July 3, 2015
Ер адамның адвокатының айтуынша, америкалық мұражай Пантера танкін сатып алуға ниет білдірген. Сондай-ақ, неміс коллекционерлері сотталушыға мылтық және тапанша сатып алу үшін жүгінген.
Адвокат бірқатар зеңбірек жұмыс істемейтінін, ал танк металл өткізетін орнынан сатып алынғанын айтты. Сонымен қатар, адвокаттар айыппұл мөлшерін 50 мың еуроға дейін төмендетуді сұрайды. Алайда прокурорлар қару-жарақ пен оқ-дәрілерді әлі де қолдануға болады деп болжап отыр. Іс бойынша тағы бір тыңдау өтеді, ал сот шешімі айдың соңында шығуы мүмкін.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!