Германиядағы 5 баланың өлімі: оқиғаның мән-жайы анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Германиядағы 5 баланың өлімі: оқиғаның мән-жайы анықталды © bild.de

Welt газетінің мәліметінше, Германиядағы тергеушілер 3 қыркүйекте Золингенде өлі табылған бес баланы өлтіруі мүмкін деген әйелді қамауға ордер сұрады, - деп хабарлайды РИА Новости

ПОДЕЛИТЬСЯ

Welt газетінің мәліметінше, Германиядағы тергеушілер 3 қыркүйекте Золингенде өлі табылған бес баланы өлтіруі мүмкін деген әйелді қамауға ордер сұрады, - деп хабарлайды РИА Новости

Тергеушілер 27 жастағы кристина "эмоционалды күйзеліс жағдайында" қылмыс жасаған болуы мүмкін екенін айтады. 

Қайтыс болғандар - 1,5 жасар, екі және үш жасар үш қыз, сондай-ақ 6 және 7 жастағы екі ұл. Аман қалған жалғыз бала - үлкен ұлы, 11 жастағы Марсель қазіргі таңда әжесінің қасында.  

Басылым мәліметінше, бес баланың анасы Марсельді оқудан алып, пойыз арқылы әжесіне жіберген. Артынша ол Дюссельдорфтың басты вокзалында теміржолға секіріп кеткен. Ауыр жарақаттар алған әйел аман қалған. Қазір ол ауруханада полицияның бақылауында жатыр.  

© Reuters

Bild хабарлауынша, қайтыс болған балаларда дене жарақаттары болмаған. Тергеушілердің болжамы бойынша, балаларға алдымен есірткі беріп, артынша тұншықтырып немесе улаған болуы мүмкін.

Жас ананың мұндай әрекетке баруына не себеп болғаны белгісіз.

"Әзірше оның әрекетіне қатысты ештеңе айта алмаймыз", - дейді полиция өкілі. 

Германиядағы 5 баланың өлімі: полиция істі тергеп жатыр

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети