Германиядағы 5 баланың өлімі: полиция істі тергеп жатыр

Дәурен Ерболат
Дәурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Германиядағы 5 баланың өлімі: полиция істі тергеп жатыр Фото: REUTERS©

Германия полициясы 5 баланың өліміне қатысты істі тергеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Германия полициясы 5 баланың өліміне қатысты істі тергеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Золинген қаласында болған. Ондағы пәтерлердің бірінен 5 баланың мәйіті табылған.

Өңірдегі ішкі істер министрі Герберт Ройлдің айтуынша, 3 қыркүйекте балалардың денесін әжесі тапқан. Ол басқа қалада тұрады екен. Қайғылы оқиға орнына жедел жәрдем қызметі, полиция келген. Оқиға орны қоршауға алынған.

Герберт Ройл 27 жастағы балалардың анасы 11 жастағы ұлымен бірге Дюссельдорф қаласындағы вокзалда өз-өзіне қол салмақ болғанын айтады. Әйел түрлі ауыр дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген, ал бала зардап шекпеген.

Полицияның мәліметіне сәйкес, қайтыс болған балалар 1-8 жас аралығында болған. Өлімнен аман қалған бала туыстарына жіберіліпті.

Полиция бұл іске қатысты басты күдікті балалардың анасы екенін айтады. Оқиғаның нақты себебі әлі анықталған жоқ.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети