Германияның жаңа канцлері азаматтарға міндетті вакцинация жариялауы мүмкін - БАҚ

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Германияның жаңа канцлері азаматтарға міндетті вакцинация жариялауы мүмкін - БАҚ Фото ©REUTERS

Германия канцлерлігіне үміткер Олаф Шольц COVID-19 вакцинациясына ішінара мандат енгізуді қарастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Германия канцлерлігіне үміткер Олаф Шольц COVID-19 вакцинациясына ішінара мандат енгізуді қарастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle агенттігіне сілтеме жасап.

Шольц оның коалициясы кейбір негізгі жұмысшыларға вакцинациялауды міндеттеуге ниетті екенін, бірақ бұл міндет барлығына бірдей жүргізілмейтінін айтты. Сонымен қатар, жақында YouGov сауалнамасында халықтың 69 пайызы барлық азаматтар үшін міндетті вакцинацияны қолдайтындарын көрсетті.

Гессен және Баден-Вюртемберг штаттарының премьер-министрлері және Берлин мэрі сияқты кейбір жетекші заң шығарушылар да барлық азаматтар үшін міндетті вакцинацияны жақтады.

Газеттің хабарлауынша, қазіргі уақытта Германия халқының 68,1 пайызы ғана толық вакцинацияланған, ал шығыстағы Саксония штаты ауруды ең көп жұқтырған қалалардың бірі екені, қазіргі таңдағы көрсеткіші 57,8 пайызға дейін төмендеген.

Роберт Кох институтының мәліметі бойынша, Германияда пандемия кезінде коронавирустан қайтыс болған азаматтардың саны 100 119 болды. Ауру көрсеткіші елде жаңа антирекорд орнатып, 419,7 құрады. Германияда пандемия кезінде барлығы 5 573 756 адам ауырды.

Бұған дейін Германияның COVID-19 таралуы бойынша әлемдік көшбасшылардың біріне айналғаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети