Германияның Кельн қаласының полициясы қала орталығындағы вокзалда адамдардың тұтқынға алынғаны жайлы мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.
Германияның Кельн қаласының полициясы қала орталығындағы вокзалда адамдардың тұтқынға алынғаны жайлы мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.
"Бреслауэрплац алаңында адамдар тұтқынға алынды. Полиция күштері оқиға орнына келді және мән-жайды анықтап жатыр", - делінген полицияның Twitter желісіндегі парақшасында.
Im Bereich #BreslauerPlatz hat es eine #Geiselnahme gegeben. Die Polizei ist mit Einsatzkräften vor Ort und klärt die Situation. Bitte meiden Sie den Bereich. Folgen Sie uns hier für wichtige Infos.
— Polizei NRW K (@polizei_nrw_k) 15 октября 2018 г.
Бреслауэрплац алаңына жақын маңда болған оқиғаның мән жайы анықталып жатыр. Тұтқынға алынған адамдар саны әзірге белгісіз.
Кейінірек полицейлердің біріадамдарды дәріханада ұстап отырғанын және оқиға орнында түтін шыққанын айтқан.
Fire brigade and police at the #BreslauerPlatz #Köln now also #SEK pic.twitter.com/8RsZqWJL85
— Michael (@MichaelTrtzsch1) 15 октября 2018 г.
Focus басылымы куәгерлерге сілтеме жасап, басында оқ атылғанын, соның салдарынан бір адам зардап шеккенін хабарлады. БАҚ мәліметінше, барлығы да ер мен әйелдің жанжалдасуынан басталған.
"Қазіргі уақытта біз атыс туралы және адам қайтыс болды деген мәліметті растай алмаймыз", - делінген полицияның Twitter желісіндегі парақшасында.
Пойыздар қозғалысы тоқтатылды, бірнеше темір жолдар мен алаң қоршауға алынды.
#Köln #Polizei
— rita khoury (@ritakhoury10) 15 октября 2018 г.
POLICE have closed off a large area around #Cologne Central #Station amid reports of a #hostage taking. pic.twitter.com/lcYGedHDZp