31 наурыз 2015 15:41

Germanwings апаты: Ақпарат құралдары екінші ұшқыштың әрекетіне анықтама берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Францияда апатқа ұшыраған Airbus A320 ұшағының екінші ұшқышы жұмысынан айырылып қалудан қатты қорыққан, бұл оның әрекетіне негізгі себеп болуы мүмкін, - деп хабарлайды РИА Новости неміс ақпарат құралдарына сілтеме жасап.


Францияда апатқа ұшыраған Airbus A320 ұшағының екінші ұшқышы жұмысынан айырылып қалудан қатты қорыққан, бұл оның әрекетіне негізгі себеп болуы мүмкін, - деп хабарлайды РИА Новости неміс ақпарат құралдарына сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, осыған дейін ұшқыш Андрес Лубитцтің жұмыс берушіден көзінің нашар көретінін жасырып келгені белгілі болған еді. "Қазіргі уақытта біз үшін басты мотивтердің бірі - оның денсаулығына байланысты жұмысынан айырылып қалудан қорқуы", - деді зерттеушілердің бірі. Дюссельдорф прокуратурасының мәліметінше, ер адам бір уақытта бірнеше психотерапевтке қаралған. Дюссельдорфтың университет клиникасында ол 2015 жылдың ақпан айынан бастап 10 наурызға дейін кемінде үш рет қаралған. Ақпарат құралдарының мәліметінше, ұшқыш еңбек демалысын алғысы келіп жүрген, бірақ сырқат қағазын алғысы келмеген, себебі оның жұмысқа кедергі келтіруі мүмкін екендігінен қорыққан.

Lufthansa-group компаниясының сақтандыру бірлестігінің өкілдері апаттан қаза болғандардың отбасына өтемақы ретінде 300 миллион доллар көлемінде қаражат бөлінгенін хабарлады. Басылымда бұл қаражаттың осыған ұқсас жағдайларға қарағанда екі есе көп екені айтылған. Концерннің осылайша жеке арыз-шағымдардың алдын алғысы келетіні хабарланды. Егер жеке тұлғалардан шағым түсірілетін болса, Lufthansa әуе компаниясы ұшақтың апатқа ұшырауының алдын ала алмайтын жағдайда болғанын дәлелдеуі керек болады.

Еске сала кетейік, мұның алдында Лубитцтің көз торының қыртыстануы ауруымен ауыратыны және оның көру қабілетінің апат кезінде 30 пайызға шектелген болуы мүмкін екені хабарланды. Еске сала кетейік, Germanwings әуе компаниясының Барселонадан Дюссельдорфқа бағыт алған Airbus A320 ұшағы 24 наурызда француздың Альп тауларының қол жеткізуге қиын аймағында апатқа ұшыраған еді. Нақтыланған деректер бойынша, 150 адам қаза тапты. Лубитцтің әрекеті "абайсызда кісі өлтіру" деп бағаланды. Еске салайық, ол әуе кемесінің капитаны кабинадан шығып кеткен кезде іштен қамалып алып, лайнерді құлатқан болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети