Гитлердің тірі қалғаны туралы құжаттар ЦРУ архивінен табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Гитлердің тірі қалғаны туралы құжаттар ЦРУ архивінен табылды © Unilad

АҚШ Орталық барлау басқармасы (ЦРУ) америкалық барлау ведомствосының сайтында Адольф Гитлердің Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Латын Америкасына қашқаны туралы теорияларды растайтын құпия құжаттар жарияланды. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ Орталық барлау басқармасы (ЦРУ) америкалық барлау ведомствосының сайтында Адольф Гитлердің Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Латын Америкасына қашқаны туралы теорияларды растайтын құпия құжаттар жарияланды. 

1955 жылы Каракас пен Маракайбода (Венесуэла) кодталған CIMELODY-3 есімді агент Роберт Ситроен деген азаматпен сөйлескен. Оның айтуынша сол жылдары ол Колумбияда Адольф Гитлермен танысқан. Ол біраз нацистпен бірге Тунха қалашығында Шриттельмайер тегімен өмір сүрген. 

Дәлел ретінде Ситроен Гитлермен 1954 жылы түскен суретін көрсеткен. Онда Гитлер барлық жұрт білетіндей қалыпта түскен. Бір жыл өткеннен кейін фюрер Колумбиядан Аргентинаға көшкен. 

ОББ құпия қызметтік хаттарын мына жерде толығырақ оқуға болады, - деп хабарлайды "Дилетант"

Ресми нұсқаға сәйкес Адольф Гитлер және оның жары Ева Браун 1945 жылы 30 сәуірде Берлинде кеңес әскері Германия астанасына басып кіргенде өз өздеріне қол жұмсаған. Олардың денелерін рейхсканцелярия бағында өртеп жіберген. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети