20 қараша 2019 | 17:08

Гитлердің Австриядағы үйі полиция бөлімшесіне айналады

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Австрия билігі 1889 жылы Браунау-на-Инн қаласында өмірге келген болашақ нацистік диктатор Адольф Гитлердің үйін полиция бөлімшесіне айналдырмақ, - деп хабарлайды РИА Новости.


Иконка комментария блок соц сети

Австрия билігі 1889 жылы Браунау-на-Инн қаласында өмірге келген болашақ нацистік диктатор Адольф Гитлердің үйін полиция бөлімшесіне айналдырмақ, - деп хабарлайды РИА Новости.

2017 жылы Австрияның конституциялық соты бұл үйдің экспроприациялануына байланысты заң қабылдаған. Олар тартып алынған үй неонацистердің жиналатын орталығына айналып кетуі мүмкін деп сақтанған. ІІМ өкілдері баспана иесіне 812 мың еуро өтемақы төленгенін хабарлады.

"Полицейлердің болашақта осы үйді қолдануы ғимарат ұлтшыл-социализмді еске түсірмейтінін анық көрсетуі тиіс", - деп мәлімдеді Австрия ІІМ басшысы Вольфганг Пешорн.

ІІМ-нің баспасөз хабарламасында ғимаратты қайта жоспарлау үшін билік өкілдері ЕО аясында сәулет байқауына бастамашылық ететіні және оның нәтижелері 2020 жылдың бірінші жартысында белгілі болатыны жазылған. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети