Голливуд жұлдызы Шайя ЛаБаф Трампқа қарсы шеруде ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Голливуд жұлдызы Шайя ЛаБаф Трампқа қарсы шеруде ұсталды Шайя ЛаБаф Трампқа қарсы шеру кезінде

Голливудтың танымал жұлдызы Шайя ЛаБаф Нью-Йоркте АҚШ президенті Дональд Трампқа қарсы өткен шеруде ұсталды, - деп хабарлайды TMZ.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Голливудтың танымал жұлдызы Шайя ЛаБаф Нью-Йоркте АҚШ президенті Дональд Трампқа қарсы өткен шеруде ұсталды, - деп хабарлайды TMZ.

30 жастағы кино жұлдызы Кунис ауданында ұсталған. Ол жерде ЛаБаф президентті ұлықтау рәсімінен кейін "Ол бізді бөле алмайды" жобасын бастаған. Нью-Йорк полициясы акция өткен жерде 23 қаңтардан бері кезекшілікте тұр.

Полицияның мәліметі бойынша, ер адам камераға бірдеңе айта бастаған. Бұл ЛаБафқа ұнамай қалып, араларында жанжал туған. Актер сол орында ұсталды. Қазіргі кезде оның жақтастары акцияны жалғастырып жатыр. 

Шайя ЛаБаф 1986 жылы 11 маусымда Лос-Анджелесте дүниеге келген. Ол BAFTA жүлдесіне ие болған. Кинодағы еңбегімен қатар, ол акционизм бағытында сурет салумен де айналысады.

Мұның алдында АҚШ-тың 45-ші президенті Дональд Трамп сайлау алдында берген уәделерінің бірін орындап, Мексикамен шекарада дуал салу туралы жарлыққа қол қойғаны хабарланған болатын. Сонымен бірге, ол дуал салуға кететін қаржыны Мексика өтеп береді дегенінен әлі де таймай отыр,

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети