26 мамыр 2021 09:32

Гонконгте COVID-19-ға қарсы вакцинаның миллиондаған дозасы тасталуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Reuters @Reuters

Гонконг билігі коронавирусқа қарсы вакцинаның үлкен қорын тастай салуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі i24news сайтына сілтеме жасап.


Гонконг билігі коронавирусқа қарсы вакцинаның үлкен қорын тастай салуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі i24news сайтына сілтеме жасап.

Үкіметтің вакциналар жөніндегі жұмыс тобының өкілі Томас Чжанның айтуынша, Гонконгте жақын арада COVID-19-ға қарсы пайдаланылмаған вакциналардың миллиондаған дозасын тастауға тура келуі мүмкін, өйткені олардың жарамдылық мерзімі аяқталып жатыр, адамдар вакцина салдырғысы келмейді. Ол халықты Pfizer/BioNTech вакциналарының алғашқы партиясының жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін үш ай бар екенін ескертті.

"Барлық вакцинаның жарамдылық мерзімі бар. Оларды сосын қолдануға болмайды, Biontech салынатын қоғамдық вакцинация орталықтары, қазіргі жоспарға сәйкес, қыркүйектен кейін жұмысын тоқтатады", - деді Чжан.

Оның айтуынша, әлем елдері вакцинаға қол жеткізе алмай отырғанда Гонконгте олардың үлкен қоры жай жатқаны дұрыс емес. Ол жаңа дозалар жыл соңына дейін жеткізілмейтінін айтты.

Гонконг Pfizer/BioNTech вакцинасының 7,5 миллион дозасын және қытайлық Sinovac вакцинасының сонша мөлшерін сатып алды. Бүгінгі таңда әкімшілік аудан тұрғындарының тек 19 пайызы коронавирусқа қарсы екпенің алғашқы дозасын алған, ал екі дозаны 14 пайызы. Гонконг дәрігерлері де вакцина салдырғысы келмейді. Ондағы ауруханаларда осы айда қызметкерлердің үштен бір бөлігі ғана екпе салдырғаны хабарланды. 

Бұған үкіметке деген ішінара сенімсіздік, вакцина туралы ғаламтордағы жалған ақпараттар мен Гонконгтегі эпидемиологиялық жағдай салыстырмалы түрде жақсы екені, халық вакцинацияға асықпайтыны себеп екені айтылды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети