24 желтоқсан 2021 | 09:48

Горбачев КСРО ыдырағаннан кейінгі АҚШ әрекетін сынға алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

КСРО-ның экс-президенті Михаил Горбачев Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі АҚШ әрекетін сынға алды. Ол РИА Новостиге Ресей-Америка саммитінен кейін басталған процесті қолдайтынын және нәтиже болады деп үміттенетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

КСРО-ның экс-президенті Михаил Горбачев Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі АҚШ әрекетін сынға алды. Ол РИА Новостиге Ресей-Америка саммитінен кейін басталған процесті қолдайтынын және нәтиже болады деп үміттенетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Журналистердің КСРО ыдырағаннан кейін Ресейдің егемендігіне нұқсан келтірмей, АҚШ-пен қарым-қатынасты басқа жолмен жалғастыру мүмкін болды ма деген сұраққа жауап берген Горбачев Кеңес Одағының ыдырауы Ресейді әлсіретіп жібергенін, экономика құлдырағанын еске салды.

"Осындай позицияда АҚШ пен Батыспен тең қарым-қатынасқа қалай сенуге болады? Бұл - біріншісі. Екіншіден, Батыстағы, әсіресе АҚШ-тағы салтанатты көңіл күй. Менмендік пен өзін ұстау. Сұрапыл соғыс жүріп жатқанда жеңіске жеткенін жариялады. Сонымен қатар, біз әлемді текетірестен, ядролық жарыстан құтқардық. Ал "жеңімпаздар" жаңа империя құруды шешкен екен. Осыдан НАТО-ны кеңейту идеясы туды", - деді ол.

КСРО-ның экс-президенті Ресей басшылығының бұған әуелі өте баяу әрекет еткенін, кейін "Горбачевті кінәлауды" шешкенін еске алды.

"Ақылға қонымды ештеңе ойлап тапқан жоқ. Ал 1991 жылы қызу талқыланған Париж хартиясы, ұжымдық қауіпсіздік, Еуропаның Қауіпсіздік кеңесін құру идеялары ұмыт қалды. Әйтсе де, бұл идеяларға қайтып оралу әлі де кеш емес деп ойлаймын. Ресей мен АҚШ президенттері келіссөзінен кейін не болып жатқанын білмеймін, бірақ процесс басталды. Мен мұны қолдаймын, нәтиже болады деп үміттенемін", - деді Горбачев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети