Грекияда медицина қызметкерлері вакцинаның үшінші дозасын алуға міндеттелді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Грекияда медицина қызметкерлері вакцинаның үшінші дозасын алуға міндеттелді

Грекия билігі медицина қызметкерлеріне коронавирусқа қарсы вакцинаның үшінші дозасын алуды міндеттеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі To Vima жергілікті басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Грекия билігі медицина қызметкерлеріне коронавирусқа қарсы вакцинаның үшінші дозасын алуды міндеттеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі To Vima жергілікті басылымына сілтеме жасап.

Бұл туралы Грекияның премьер-министрі Кириакос Мицотаки мәлімдеді. Премьердің айтуынша, халықтың едәуір бөлігі үшін үшінші доза қажет, сонымен қатар ол вакцина иммунитеті төмен адамдар үшін қажет екенін айтты.

Мицотакис ұлттық вакцинация комитеті тиісті шешім қабылдайтынын және бұрын вакцина алғандардың үшінші дозаны алуы маңызды екенін айтты.

"Бізде медициналық қызметкерлерден талап етілетін өтініштер бар. Біз оны басқа мамандықтарға да кеңейтуіміз керек деп ойлаймын", - деп толықтырды Мицотаки.

Басылым мәліметінше, медицина қызметкерлеріне COVID-19-ға қарсы вакцинасының үшінші дозасын алмаған жағдайда жұмысқа баруға рұқсат берілмейді және оларға ақы төленбейді.

Бұған дейін Грекияның Денсаулық сақтау министрлігі елдегі коронавирусқа қарсы талаптарды қатаңдату және вакцина алмаған адамдарды тегін тестілеуді тоқтату туралы шешім қабылдаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети