02 тамыз 2014 | 15:30

Грузия соты Михаил Саакашвилиді сырттай тұтқындады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Михаил Саакашвили.  Tengrinews.kz мұрағатынан Михаил Саакашвили. Tengrinews.kz мұрағатынан

 Тбилиси қалалық соты прокуратураның өтінішін қанағаттандырып, Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвилиге шара қолдануға қатысты шешім шығарды, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Новости-Грузия" сайтына сілтеме жасай отырып.


Иконка комментария блок соц сети

 Тбилиси қалалық соты прокуратураның өтінішін қанағаттандырып, Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвилиге шара қолдануға қатысты шешім шығарды, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Новости-Грузия" сайтына сілтеме жасай отырып.

Дерек көздері жазғанындай, сот отырысы үш сағатқа созылған. Алдын ала сот шешімі сырттай тағы да екі шенеунікке қатысты шығарылды. Олардың бірі Әділет министрлігінің экс-министрі Зурабу Адеишвили және екіншісі экс-қорғаныс министрі  Давид Кезерашвили. Бұл адамдар қазір шетелде көрінеді. 

Қылмыстық іс 2007 жылдың қараша айындағы оппозицияның акцияларын қолды етуге, "Имеди" телекомпаниясын талқандауға, компанияның иесі Бадри Патаркацишвилидің меншігін тартып алуға қатысты қозғалған. Естеріңізге сала кетейік,  2013 жылдың соңына қарай Грузияда жаңа президенттің инаугурациясынан кейін шетелге кетіп қалған Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили қызмет бабын асыра пайдаланды және зорлық көрсетті, қару қолданды, жәбірленушінің ар-намысына тиді деп айыпталып отыр. 

Сондай-ақ Зурабу Адеишвили мен Давид Кезерашвили де қызмет баптарын асыра пайдаланғаны үшін айыпты деп танылуда. Осы баптар бойынша кінәлі деп танылған азаматтар 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Сонымен қатар осы іске қатысы бар Грузияның экс-премьері Вано Мерабишвили және Тбилисидің экс-мэрі Гиги Угулава қазіргі кезде қамауға алынған.  

  

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети