Грузияда министр орынбасары коронавирус жұқтырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Грузияда министр орынбасары коронавирус жұқтырды Юрий Нозадзе. Фото: mepa.gov.ge

Грузия қоршаған ортаны қорғау және ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Юрий Нозадзеден коронавирус анықталды, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Грузия қоршаған ортаны қорғау және ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Юрий Нозадзеден коронавирус анықталды, - деп хабарлайды РИА Новости.

"10 наурызда екінші сынама нәтижесінде министр орынбасары Юрий Нозадзеден коронавирус анықталды. Ол дәрігерлердің бақылауымен емін жалғастырады", - делінген ведомство хабарламасында. 

Ведомство мәліметі бойынша, өткен аптада Нозадзе отбасының мүшесінен коронавирус табылған, кейін министр орынбасары өз-өзін оқшаулаған. Ең бірінші алынған сынамадан коронавирус анықталмаған. Бір аптадан кейінгі сынамада Нозадзеден коронавирус табылып отыр. 

Қазір Грузияда 23 адамның вирус жұқтырғаны белгілі. Грузиялық шенеуніктерден экономика және тұрақты даму министрінің орынбасары Геннадий Арвеладзе мен парламентте аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Отар Данелия өз-өзін оқшаулаған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети