22 маусым 2019 15:35

Грузияда наразылық акциялары жалғасты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

21 маусымда кешкі уақытта Грузияның опозициялық саяси қозғалысының өкілдері және оның жақтастары Тбилисидегі Руставели даңғылының бойындағы парламент ғимаратының алдында наразылық акциясын жалғастырды, - деп хабарлайды Sputnik Грузия.


21 маусымда кешкі уақытта Грузияның опозициялық саяси қозғалысының өкілдері және оның жақтастары Тбилисидегі Руставели даңғылының бойындағы парламент ғимаратының алдында наразылық акциясын жалғастырды, - деп хабарлайды Sputnik Грузия.

Оқиға орнында "ұлттық қозғалыс" төрағасы Григорий Вашадзе, "Еуропалық Грузия" көшбасшыларының бірі, Тбилиси экс-мэрі Гиги Угулава және басқа да оппозициялық көшбасшылар бар. Осы жерге құқық қорғау органдары жұмылдырылды. 

Көптеген адамдар жиналуына байланысты Руставели даңғылы жабылды. Наразылық білдіргендер ІІМ басшысы Георгий Гахарияның отставкаға кетуін, ұсталғандарды босатуды және зорлық-зомбылық деректерін тергеуді, сондай-ақ кезектен тыс парламенттік сайлау өткізуді талап етеді.

Наразылық білдірушілер кейбір оппозициялық партиялардың өз мақсатында осы акцияны саяси мақсатта пайдалануға тырысып жатқанына шағымданды. Осыған байланысты митингіге шыққандар Тбилисидің бұрынғы мэріне шөлмектерді лақтырды.

"Тбилиси орталығында жиналған адамдар ұялы телефондардағы шамдарын жағып, ара-тұра грузин әнұранын айтты. Парламент ғимаратының алдындағы жағдай тыныш", - деп хабарлайды басылым тілшісі.

Жұма күні кешке Владимир Путин 8 шілдеден бастап ресейлік авиакомпанияларға Ресейден Грузияға жолаушылар тасымалдауына тыйым салатын жарлық шығарғаны белгілі болды. Ресей үкіметіне Грузия аумағында уақытша жүрген ресейліктердің қайтып оралуын қамтамасыз ету тапсырылды.

Сонымен қатар, президент туроператорларға Ресейден Грузияға жолдамаларды уақытша сатпауға кеңес берді. Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков әуе қатынасын тоқтату туралы жарлық - Тбилисиде экстремистік әрекеттер аясында ресейліктердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мәжбүр шара деп мәлімдеді.

Наразылық акциясына қатысушылар Грузия астанасында Путиннің әуе қатынасына тыйым салу туралы шешіміне қатысты пікір білдірді. 

"Грузия-Онлайн" порталының ақпараты бойынша, осы күні Тбилиси мемлекеттік университетінің студенттері оқу орны ғимаратының жанында наразылық акциясын ұйымдастырды. "Путин, ну погоди", "Ресей-оккупант", " Кімнен, не үшін??", "Грузия жастарына жол беріңдер" - осындай ұрандармен студенттер акция өткізді.

"Біз - студенттер, Ресей оккупациясына бейбіт түрде наразылық білдіреміз, оған ешкімді араластырмаймыз", - деп мәлімдеді жастар.

Жастардың бір бөлігі Батуми көшелерінде "зорлық - зомбылыққа жол жоқ", "Ресей-оккупант" деген ұрандармен наразылық шеруін ұйымдастырды. "Біздің саяси талабымыз жоқ. Біз елдің абыройын қорғаймыз, біз зорлық - зомбылық пен ресейлік басқыншылықты айыптаймыз", - деп мәлімдеді акция қатысушысы Акакий Цецхладзе.

Бейсенбі, 20 маусымда Тбилисиде наразылық акцияларыбасталды, митингіге шыққандар православ Парламентаралық Ассамблеясының сессиясына ресейлік делегаттардың қатысуына қарсы шықты. Күндіз митингке шыққандар ресейлік өкілдер болған Парламент ғимаратын басып алды, кешке олар қайтадан Парламентті шабуылдауға тырысты. Оларға оппозиция қосылып, үкіметтің отставкаға кетуін талап етті. Митингке шыққандарды көзден жас ағызатын газ, резеңке оқ пен суды қолдану арқылы арнайы жабдықталған әскерлер таратып жіберді. Соңғы мәліметтер бойынша, зардап шеккендер саны 240 адамға жеткен. Елдің ІІМ өкілдері бұл наразылықтарды жаппай төңкеріс жасау әрекеті деп атады.

Грузия президенті Саломе Зурабишвили наразылықтардың аясында Ресейдің "елдің қақ жарылуына" мүдделілігі туралы мәлімдеген. "Бұл бүгінгі күні орын алған өте үлкен қылмыс болды. Алайда, бұл мемлекет ішінде де, одан тыс жерлерде де жасалған, Парламентке басып кіруге және үкіметті құлатуға бағытталған мемлекеттік іс-әрекеттердің, шақырулардың жасанды түрде көтерілген толқынын ақтамайды. Ресей - біздің жауымыз және оккупант. Оның басқаруындағы "бесінші колонна" бүгін ашық агрессияға барғанына қарағанда аса қауіпті болуы мүмкін", - деп жазды Зурабишвили Facebook желісінде. 

Грузин басшысы мемлекетке барлық заң бұзушылықтарға жауап беретін және тәртіп орнататын уақыт келгенін, сондай-ақ Мәскеудің деструктивті күштеріне өз жоспарларын жүзеге асыруға мүмкіндік бермейтінін айтты.

"Мен тағы да ақайталап айтамын, қоғамның қақ бөлінуі Ресейден басқа ешкімге тиімді емес, бүгінде бұл өте қауіпті қару болып отыр. Ішкі қарама-қарсы тұруды көтермелейтін және ықпал ететін адамдар Ресей саясатының жолсерігі және оның жоспарларын іске асырушысы болып табылады", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети